Қай қалада зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады?

Қай қалада зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады?
Фото: Midjourney

Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлем бөлінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біржолғы төлем мөлшері - екі жарым айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 9830 теңге. Бұл көмек жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге, оның ішінде ең төмен зейнетақы алатын және елордада тіркелген қарттарға беріледі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынған ресми деректерге сүйенсек, Астанада Қарттар күніне орай 100 мыңнан аса зейнеткер ақшалай көмек алады.

Айта кетейік, Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget