- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай жемістер мен...
Қай жемістер мен көкөністердің қабығы пайдалы?
Адам тамаққа қияр, баялды, алма, қызанақ, картоп және цитрустыларды қолдана алады. Гастроэнтеролог Людмила Сухорукова жемістердің бұл бөлігі дәрумендер мен минералдарға толы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қиярдың қабығы асқорытуға қажетті жасұныққа, калий және бета-каротинге бай.
"Ол тромбтардың пайда болуының алдын алады, іш қатудан қорғайды. Сондай-ақ ол сүйектер мен көзге пайдалы. Қияр қабығымен бірге асқазанда екі сағатқа дейін қорытылады, сол үшін адам ұзаққа дейін тоқ жүреді", - дейді Людмила Сухорукова.
Оның айтуынша, жүзім қабығында табиғи антибиотик - ресвератрол бар.
Баялды қабығында флавоноидтар, С және А дәрумендері бар. Көкөністің күлгін түсі ағзаны холестерин деңгейін түсіретін антоциандармен қамтамасыз етеді.
Алманың қабығы өте пайдалы. Оның құрамында ерімейтін талшық, С және А дәрумендері бар, мұның бәрі жүрек денсаулығына жағымды әсер етеді және аллергия белгілерін жоюға көмектеседі.
"Қабығы бар алма қандағы қантты қалыпқа келтіруге көмектеседі, алайда белгілі бір шектеулер бар. Мысалы, алманың қабығын асқазан жарасы бар адамдар алып тастауы керек. Бұл оның қатты болуына байланысты. Оған қоса, ол асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін, - деді гастроэнтеролог.
Дәрігердің айтуынша, қызанақтың қабығында простата қатерлі ісігінің алдын алуды қамтамасыз ететін нарингенин бар, ал картоптың қабығы жасұныққа, темірге, С дәруменіне, калийге және фолий қышқылына бай. Жемістер мен көкөністерді пісірер алдында оны арнайы щеткамен мұқият тазартыңыз. Алайда қабығы жасыл және сыртында дақтары бар жемістер мен көкөністердің қабығын жемеген дұрыс, себебі оларда адам үшін қауіпті салонин деген зат болады.
Оқи отырыңыз: Күнде жеуге болмайтын жемістер
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова