- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай жеміс тез...
Қай жеміс тез ұйықтауға көмектесетіні белгілі болды
Мамандар тез ұйықтауға көмектесетін жеміс түрін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, киви микроэлементтерге бай болғандықтан бір ай бойы үздіксіз жеген жағдайда ұйқы сапасын реттеуге көмектеседі.
Мамандардың сөзінше, адамның дұрыс ұйықтамауы салдарынан денсаулыққа түрлі зиян келуі мүмкін. Бұл ретте адамға көмекке киви келеді.
Кивиді кешке жатар алдында жесеңіз тез әрі сапалы ұйықтайсыз. Себебі кивидің құрамында серотонин мен антиоксидант, фолий қышқылы мен В дәрумені көп. Ал ол ұйқы бұзылған жағдайда жақсы әсер етеді.
Сонымен қатар, мамандар жатар алдында кофе немесе құрамында протеин бар сусындарды ішпеуге кеңес берді. Себебі ол жақсы ұйықтауға кедергі келтіреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина