- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қауіптенбеймін - Вице-премьер...
Қауіптенбеймін - Вице-премьер Путиннің Қазақстанға келуі туралы
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
РФ президенті Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысады деп жоспарланып отыр.
Үкіметтің баспасөз орталығында премьер-министрдің орынбасарына "Үкімет Ресей президентінің келуіне байланысты тәртіпсіздіктің болуынан қорқа ма?" деген сауал жолданды.
Серік Жұманғарин қауіп жоғын атап өтті.
"Жоқ, қауіптенбеймін. Сіз неге ондай болады деп ойлайсыз? Бұл – мемлекеттің көшбасшысы. Онымен бізді тату көршілік байланыс біріктіреді. Оның ішінде мені қызықтыратын сауда-экономикалық байланыс та бар. Биыл бұл форумның ұйымдастырылып келе жатқанына 20 жыл болды. Біз онда ең алдымен қос елдің тұрғындары мен бизнестің проблемаларын талқылаймыз. Бұл форумда ауыл шаруашылығына үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе ауыл шаруашылығын цифрландыру, жастар тақырыбы талқыланады. Сондықтан мұнда қандай саясат болуы мүмкін? Біз тек экономикалық және сауда қатынастарын талқылаймыз", - деді ол.
Оның айтуынша, форумда сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылады.
"Алдымен экономика, кейін саясат деген ұғым бар. Біздің Ресеймен тауар айналымымыз 27 млрд долларға жетті. Бүгінде (Ресей) ең ірі сауда серіктесіміз болып отыр. Былтыр экспорт 9 млрд доллар болса, биыл экспорт бойынша өсіп келеміз. Бұл жағынан даму бар", - деді үкімет басшысының орынбасары.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz