Қауіпті, заңсыз контент жариялаған топтар бұғатталды

Қауіпті, заңсыз контент жариялаған топтар бұғатталды
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары заңсыз контент жариялаған топтарды бұғаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қадағалау органы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер арасындағы суицидті насихаттау және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті таратылған топтарды анықтаған.

"POZOR PETRO Telegram арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазбалар, сондай-ақ, сексуалдық сипаттағы видеолар жарияланған. "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралар нәтижесінде бұл топтар бұғатталды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс прокуратурасы заңсыз контенті бар 205 интернет ресурсты бұғаттаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget