Қауіпті маневрлер жасап, отшашу атқан: Қарағандыда той кортежі полицияның назарына ілікті

Қауіпті маневрлер жасап, отшашу атқан: Қарағандыда той кортежі полицияның назарына ілікті
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Қарағандыда той кортежіне қатысушылардың әрекеті түсірілген видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда көлік жүргізушілері қауіпті маневрлер жасап, сауда орталығының автотұрағында отшашу атқаны көрінеді.

"Полиция қызметкерлері барлық адамды анықтап, оларды жол ережесін және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты", - деп жазылған хабарламада.

Полиция жол жүрісіне қатысушылардың барлығы жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті екенін еске салды. Қауіпті маневрлер жасау және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget