Түркістан облысында полиция маневр жасау ережесін бұзған адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Шардара ауданындағы айналма жолдардың бірінде жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің видеосы тарады. Жазба полицияның бірден назарын аударған.
"Тексеру кезінде жүргізуші анықталды. Ол Шардара қаласының тұрғыны болып шықты. 24 жастағы құқықбұзушы Mersedes-Benz маркалы көлігімен орталық көшелердің бірінде өзге көліктердің жүрісіне кедергі келтірген. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге маневр жасау қағидаларын бұзу, жолдарды, темiржол өткелдерін және басқа жол құрылыстарын бүлдiру баптарымен 2 хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа қойылды.
Полицейлер өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіргені үшін әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз