“Қауіпті қылмыскердей“. Атырауда жасөспірімді ұстау оқиғасы дау туғызды

“Қауіпті қылмыскердей“. Атырауда жасөспірімді ұстау оқиғасы дау туғызды
Фото: azh.kz

Атырау тұрғыны кәмелетке толмаған ұлы ұсталуына байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетін тексеруді талап етіп, Ішкі істер министрлігі мен Ішкі қауіпсіздік департаментіне шағым түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, оқиға 14 маусымда кешке Балықшы шағынауданындағы компьютер клубының маңында болған. Оның сөзінше, полиция қызметкерлері жасөспірімді сыртқа шығарып, телефонын тартып алып, күш қолданған. Қорқып кеткен бала қашуға әрекет жасаған.

Кейін жасөспірім полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген ақпарат тараған.

"Мән-жайды анықтамай кәмелетке толмаған ұлымды жерге жатқызып, қауіпті қылмыскерді ұстағандай қолына кісен салған. Бұл оның психологиялық жағдайына және адамдық қадір-қасиетіне зиян келтірді", - деді жасөспірімнің анасы.

Ол бұл оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған.

Әзірге Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақ Жайық | Новости (@azh.news)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget