Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына су тасқынына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, қазір қалада жағдай күрделі болып отыр.
"Баршаңызға белгілі, қалада су тасқыны қаупіне орай күрделі жағдай қалыптасып отыр. Мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қаламызға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады", - деп жазылған БҚО әкімдігі хабарламасында.
Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылған. 350 арнайы техника, 2000-ға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған.
"Ең бастысы - азаматтардың амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары эвакуация жасау қажет. Судың мол көлемі кез-келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыз. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!