Қауіпті болуы мүмкін: кімге кәуап жеуге болмайды?

Кейбір адамдар кәуапты аса сақтықпен жеуі керек. Бұл туралы эндокринолог Елена Островская айтты. Маман көмірге қуырылған ет қандай аурулар кезінде көбірек зиянын тигізетінін де айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Островскаяның сөзінше, асқазан-ішек аурулары диагнозы қойылған адамдарға кәуапты көп жемеген дұрыс. Сондай-ақ, қуырылған ет - созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарға зиянын тигізетін өте ауыр тағам, әсіресе, ол майлы еттен жасалған болса, тіпті қауіпті.

"Сонымен қатар, 7-8 жасқа дейінгі балаларға кәуапты сақтықпен беру керек. Соның ішінде ол тауық етінен дайындалса және қатты күйдірілмеген болса ғана берген жөн", - деді маман.

Еске салайық, бұған дейін кәуаптың күйіп кетуі денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін екені хабарланды. Бұл туралы жалпы практика дәрігері Мария Беляева айтты.

Оның сөзінше, етті шамадан тыс қуырып, күйдіріп жеу де, толық пісірмей, жартылай шикі күйінде жеу де денсаулыққа зиян. Өйткені бірінші жағдайда канцерогендер, екінші жағдайда паразиттер қауіп төндіреді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!