Қауіпті ауа райы: ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райы болжамы

4 қарашада таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауып, жел соғады. Алматыда шамамен сағат 03:00-де жаңбырдың арты қарға ұласып, температура төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.

Құтқарушылар азаматтарға мынадай кеңес берді:

  • Қала қонақтары мен туристеріне тауға шығудан бас тарту ұсынылады.
  • Үйге қайтар уақытты кешке қалдырмаңыз.
  • Электр желілерінің бүтіндігін тексеріңіз, көлікті ағаштардың астына қоймаңыз.
  • Сәтсіз бекітілген құрылымдардың астына тұрмаңыз.
  • Жаяу жүргіншілер де абай болуы қажет, мұндай ауа райында жүргізушілер сізді көрмей қалуы мүмкін

Еске салайық, бұған дейін Алматыда күн күрт бұзылатыны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!