Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райы болжамы
4 қарашада таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауып, жел соғады. Алматыда шамамен сағат 03:00-де жаңбырдың арты қарға ұласып, температура төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.
Құтқарушылар азаматтарға мынадай кеңес берді:
- Қала қонақтары мен туристеріне тауға шығудан бас тарту ұсынылады.
- Үйге қайтар уақытты кешке қалдырмаңыз.
- Электр желілерінің бүтіндігін тексеріңіз, көлікті ағаштардың астына қоймаңыз.
- Сәтсіз бекітілген құрылымдардың астына тұрмаңыз.
- Жаяу жүргіншілер де абай болуы қажет, мұндай ауа райында жүргізушілер сізді көрмей қалуы мүмкін
Еске салайық, бұған дейін Алматыда күн күрт бұзылатыны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова