Күн бұзылуына байланысты Астана тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 желтоқсанда елордада жаңбыр жауды. Сондықтан коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды:
- көшеде жүрген кезде, әсіресе, жолдан өту барысында мұқият болу қажет;
- мүмкіндігінше алыс жолға шықпау ұсынылады;
- жүргізушілер тұман мен көктайғақты ескеріп, жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтауы керек, сондай-ақ, көліктің техникалық жағдайын, дөңгелекті тексергені жөн;
- төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова