Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа лауазым енгізіледі

Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа лауазым енгізіледі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа лауазым енгізіледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.  

"Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар, жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын. Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауымды жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget