- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қаулы жобасы талқыға...
"Қаулы жобасы талқыға шықты". Ресей Қазақстанның үш қаласында жылу орталықтарын салмақ
Ресей еліміздің Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салады. Қаулы жобасы 28 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Үкіметі қаулысының "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстанның аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімге қол қою туралы" жобасы әзірленді.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің сапары аясында 9 қарашада Қазақстан Республкасының және Ресей Федерациясының министрліктері арасында "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасында "Көкшетау" ЖЭО, "Семей" ЖЭО және "Өскемен" ЖЭО (Қазақстан Республикасы) құрылыс жобалары бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы" Меморандумға қол қойылды.
"Меморандумның 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №425 бұйрығымен 2023 жылғы 29 қарашадағы "Көкшетау", "Семей" және "Өскемен" жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" "Көкшетау","Семей" және "Өскемен" жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді", - делінген Ашық НҚА сайтында.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz