Кәуап, барбекю, қақтама секілді тағамдарды белгілі бір жолмен дайындасаңыз, оның зияны жоғалатынынын білесіз бе? Massaget.kz тілшісі кәуаптың зиянын азайтуға көмектесетін 8 лайфхак ұсынады.
Күн жылыса, аулаға шығып, иісін бұрқыратып әзірлейтін кәуаптың ешқандай зияны жоқ деп ойлауыңыз мүмкін. Дегенмен кәуапта бір қарағанда байқалмайтын екі қауіп бар. Біріншісі, жеткіліксіз қыздырылған немесе толық піспеген ет улану қаупін арттырады. Екіншісі, тым қатты қуырылған, күйген етті жиі жеу адамды қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін.
Кәуаптан улану қаупі. Тағамды әзірлеу кезінде қарапайым ережелерді сақтау, ауыр салдардың алдын алуға көмектеседі:
Кәуап пен қатерлі ісіктің қандай байланысы бар?
Кәуапты әзерлеу кезінде еттен бөлінетін шырын мен май көмірге тамшылап, ол "полициклді хош иісті көмірсутектер (PAHs)" деп аталатын ұшпа органикалық қосылыстар түзеді. Ал ет өте жоғары температурада піскен кезде бұлшықет ақуыздары қатпарланып, ол "гетероциклді аминдер" (HCAs) деп аталатын заттар түзеді. Ет қақтамада неғұрлым көп тұрса, оның құрамында HCAs соғұрлым көп түзіледі, ол әдетте еттің күйіп піскен шетінде жиналады.
PAHs және HCAs жасушалардың қатерлі дегенерациясына әкеп соқтыратын жасушалық ДНҚ-да өзгерістер тудыратын дәлелденген канцерогендер.
Әрине, бұл мүлде кәуап жеуге болмайды деген сөз емес, тек оның зиянын азайтуға көмектесетін бірнеше іс-әрекетті ұстансаңыз болғаны.
Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, етте HCAs деңгейін төмендететін тосқауыл пайда болуы үшін оны жарты сағатқа маринадта қалдыру керек. Маринадқа лимон шырынын, сірке суын, зәйтүр майын, шөп пен дәмдеуіштер қосыңыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кірлен деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз