Диетолог Елена Соломатина қанша мөлшерде кәуәп жеуге болатынын айтты. Оның айтуынша, мұнда адамның ас қорыту жүйесі, салмағы, бойы және бұлшықет массасы ескеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, кәуәптің қуырылғаны немесе пеште пісірілгеніне де мән беру керек. Жалпы алғанда, бір адамға 200-400 грамм аралығы жеткілікті. Ал кейбіреулерге 150 грамм да жетіп қалады.
Сондай-ақ, кәуәптың ненің етінен жасалғаны да маңызды. Ең жеңіл қорытылатыны — балық. Сондықтан балықтан жасалған кәуәпті көбірек жеуге болады. Одан кейін құс еті. Ал сиыр, қой, шошқа еті секілді қызыл ет ағзаға ауырлау тиеді.
Яғни, кәуәп жегенде оның түріне де, мөлшеріне де абай болған дұрыс.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz