"Қатын құтырған заман". Желіде афроамерикалық ер адамды "патшам" деп атаған қазақ әжей жұртты шулатты

"Қатын құтырған заман". Желіде афроамерикалық ер адамды "патшам" деп атаған қазақ әжей жұртты шулатты
Фото: instagram.com/gulmir_ktk/

Желіде афроамерикалық ер адамды "патшам" деп атаған қазақ әжей жұртты шулатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео журналист Гүлмира Абықайдың парақшасында жарияланды.

"Апым.
Әлеуметтік желі үшін жанын беретіндер көбейді. Келсін, келмесін лайк үшін лыпасыз стримге шығуға дайындар көп.
Соның бірі осы апым былтыр бай іздегелі тиктокта хит.
Маған, қызық, бала-шаға, құрбы-туыс дегендер қолдай ма, әлде?
Қайсысың ол апыма "Патшаңның түрін көрсет" деп қоймай жүрген", - деп жазған Гүлмира Абықай.

Кадрлардан әжейдің жанындағы ер адамды "патшам" деп атайтынын байқауға болады. 

"Патшаңның түрін көрсет, патшаңның түрін көрсет" деп қоймайсыңдар, міне патшамның түрі, көріңдер ал, көрімдік беріңдер", - дейді әжей видеода.

Бұл видер Желі қолданушыларының ашуын тудырған.

"Мұндай кісілердің үлкендіктері қоғамдық көлікте орынға таласқанда ғана естеріне түседі", "Артық кетсем кешіріңіздер. Қатын құтырған заман дейін десем өзім де әйелмін. Жастарға берер өнегеміз осы болса, кейінгі буынға не деп ренжиміз. Аллам төмен етектілерге сана бергей. Осындайдардан шошып кетем. Қоғам не боп барады. Адам айныған заман боп кетті ма? Кешегі жағдай анау, аттрокционнан секіру, бір адамның өмірін өшіріп, өз-өзіне қол жұмсап", "25-те ақыл бермеген 50-де ақыл сұрама деген қазақ атам", "Осындай әйелдерді Бишімбаевқа беріп жіберу керек", "Өте жиіркенішті тірлік!" - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бас айналғанды қалай басуға болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә