Қатты түтіннен қашып, терезеге шығып көмек сұраған: Ақмола облысында әйел құтқарылды

Ақмола облысында өрттен әйел құтқарылды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Ақкөл қаласындағы үш қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, үй заттары өртеніп кеткен.

Қатты түтіннен қашқан 1987 жылы туған әйел терезеге шығып көмек сұрады. Өртсөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

 

Сондай-ақ, пәтерден 2 газ баллоны шығарылды. Көрші пәтерлерден 6 адам өздігінен эвакуацияланды.

"Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында шақыру түскен сәттен бастап өрт 30 минут ішінде ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр. Адамды құтқару және өртті сөндіруге қатысқан батырлар: Бақтыбай Тілеубердиев, Александр Белоусов, Марлен Зилгарин, Сергей Водолазов,  Дмитрий Ермак", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз