Қатты терлеу дененің аптапқа немесе күйзеліс табиғи реакциясы болуы мүмкін. Бірақ қатты терлеу салқын бөлмеде және қалыпты жағдайда байқалса, бұл гипергидроз деп аталатын ауру болуы да мүмкін. Мұндай кезде дәрігер кеңесіне жүгінген дұрыс, ал ыстықта терлесеңіз, онда сізге қарапайым әдістер көмектесе алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гипергидроз деген не?
Гипергидроз - терлеу жүйесінің функционалды бұзылысынан туындаған шамадан тыс терлеу. Ол бүкіл денеде немесе кейбір жерлерде көрінеді. Бұл ауру жағымсыз эмоционалды жағдайда, яғни күйзеліс кезінде, қатты қобалжығанда немесе физикалық белсенділік жоғарылағанда күшеюі мүмкін.
Аурудың бірнеше ауырлық дәрежесі бар. Адам бірінші, ең жеңіл дәрежені ауру ретінде мүлдем елемейді, сәйкесінше емделуге қатысты ешқандай әрекет жасамайды. Қатты терлеу табиғи себептерге байланысты да болады.
Аурудың кезеңдері
Сондықтан гипергидрозға жеңіл қарамау керек, мұндай жағдайда дерматологқа алдын-ала жазылып, маманнан кеңес алған дұрыс. Өйткені қатты терлей берсеңіз, бұл құбылыстың себебі әртүрлі аурулардың болуын көрсетуі әбден мүмкін.
Не істеу қажет?
Қатты тершең болсаңыз, бірақ денсаулығыңызға қатысты айтарлықтай мәселе болмаса, тершеңдіктен құтылудың қарапайым жолдары бар. Қарапайым жағдайда мына кеңестер көмектесуі мүмкін:
Күн қатты ысып кеткенде, дене тез қызып кетеді. Осылайша, тершеңдіктің жоғарылауына әсер етеді. Мұндай кезде көлеңкеде тұрып, ұзақ уақыт күн сәулесінің астында болмау керек.
Жазда синтетикалық өнімдерге (нейлоннан, полиэстерден) алданбаңыз, олардың әдемі көрінісі мен арзан бағасына қарамастан, синтетикалық киімдер ауа өткізбейді. Мұндай материалдар қатты терлетеді. Жазда мақта, зығыр, жібек киген дұрыс.
Су денеге кез келген жағынан пайдалы, сондықтан жиі душ қабылдауды ұмытпаған дұрыс.
Ерлер мен әйелдерде шамадан тыс терлеу ыстық, ащы, майлы тағамдарды жегеннен кейін пайда болуы мүмкін. Сарымсақ пен пиязды шектеген дұрыс, өйткені олар терге жағымсыз иіс береді, ал қантты балмен алмастыруға болады.
Кофеин жүрек соғысын күшейтетін стимулятор болғандықтан, оны тұтынғаннан кейін адам қатты терлейді. Сондай-ақ, газдалған сусындарды шектеген дұрыс, олар шөлді қандырмайды, керісінше денені сусыздандырады.
Ұйқы дұрыс болмауы күйзеліс тудырады, осылайша адреналин бөлініп, терлеуді күшейтеді. Толық ұйықтау үшін шамамен 8, кем дегенде 6 сағат ұйықтау керек.
Өкпенің қалыпты жұмыс істемеуі адамның тершеңдігіне тікелей әсер етеді, себебі темекі шегу кезінде өкпеге жүктеме артады және никотин токсикациясы пайда болады. Бұл эндокрин жүйеде ақаулар тудырады. Қатты терлеудің себептерінің тізімінде эндокрин аурулар да бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!