“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты

“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Қазақстандық әнші Ақерке Бүркітбай Instagram-дағы парақшасында марқұм әкесіне арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көке, мен сізді қатты сағындым... 12 қаңтар. Небәрі 49 жасында дүниеден өткен әкем - Паһаманның туған күні! Арамызда болса, бүгін 59 жас туған күнін атап өткен болар едік, әттең Алланың ісіне шара жоқ! 10 жыл өте шықты. Жатқан жерің жаннаттың төрі болсын, Әке!", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акерке Буркитбай (@akerkeburkitbay)

Желі қолданушылары әншіні жұбатып, ал марқұм әкесін танитындар оның қандай жақсы адам болғанын айтып жатыр.

Айта кетейік, Ақерке Бүркітбай - актриса, әнші, "Асыл" тобының мүшесі, қобызшы, биші. Ол қазақстандық әнші Әли Оқаповпен шаңырақ көтерген. 2023 жылы жұлдызды жұп сәбилі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан