- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қатты сағынба". Головкин...
"Қатты сағынба". Головкин Канелоны әжуалады
Фото:
©twitter.com/GGGBoxing
Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес стадионда көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Үшінші жекпе-жектің промотуры аясында боксшылар Нью-Йоркте баспасөз мәслихатына қатысып, "Нью-Йорк Янкиз" бейсбол клубының матчында қонақ болған. GGG матчты доп лақтырумен бастады. Ал кездесу алдында Канело екеуі стадионда көз арбасты.
"Қатты сағынба, 17 қыркүйекте кездесеміз", - деп Головкин қарсыласына әзілдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
Е. Төлеш