Танымал блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі парақшасында ата-енесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің кенже ұлы кеше таңертең кереуеттен құлап кеткен. Ұлының жағдайына алаңдаған Айжан Байзақованы қайын атасы қолдаған көрінеді.
"Нұрбектің әкесінен осындай жағымды хабарламалар келеді. Бүгін Асадты уайымдап, қатты күйзеліске түстім. Сөйтіп мені осындай қолдау сөздері тыныштандырды. Ата-енем алтын адамдар деп айтамын ғой", - деп жазды ол.
Блогердің қайын атасының хабарламасы.
"Қызым, уайымдама. Ондай-ондай болып тұрады. Ең бастысы енді бақылаңдар, егер көмек немесе кеңес керек болса, бірден қоңырау шалыңдар.
Саған ұйқыңды қандырып, режиміңді дұрыстау қажет", - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Босағаға шеге қағу деген қандай ырым?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!