- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Қатты қорықтым“. Айжұлдыз...
“Қатты қорықтым“. Айжұлдыз Адайбекова ұлын жоғалтып алғанын айтып, ескерту жасады
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова сауда үйінде ұлының жоғалып кетуіне себеп болған адамдарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Белгілі актриса, әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова Алматыдағы сауда орталығының бірінде анасы екеуінің назарын басқа жаққа аударып, баласының жоғалып кетуіне себеп болған оқиға туралы айтып берді.
Ол қоғамдық орындарда түрлі өтініш-ұсыныспен мазалайтындарға ескерту жасады.
"Құрметті адамдар, сіздерге үлкен өтініш айтқым келеді. Мен баламен жүргенде назарымды басқа нәрсеге бұрмауға тырысыңыздаршы. Бүгін сауда орталығында жарнама жасап жүргендерге көңіл бөлемін деп, стреске тап болдым. Егер мен "жоқ" деп айтсам, "жоқ" деген сөз, соны түсініңіздерші. Баламды таппай қалғанда қатты қорықтым. Мүмкін оны біреу ұрлап кеткен шығар, әлде бір жерде құлап қалды ма деп уайымдадым", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айжұлдыз Адайбекова оқырмандары мен жанкүйерлерінен мұндай жағдайда түсіністік танытуды сұрады.
"Бұл ешқандай да агрессия емес. Мен де адаммын. Мұндай жерлерге келгенде жай ғана демалғым келеді. Менің бұлай стреске түскім келмейді. Сол үшін алдын ала бәріңізге рақмет!", - деді ол.
Айта кетейік, жақында екінші рет тұрмысқа шығайын деп жатқан Айжұлдыз Адайбекова тойында ешқандай әртіс, блогерлер болмайтынын айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева