- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қатты қорқып кеттік"....
"Қатты қорқып кеттік". Маймыл үш жасар қызды ұрлап кеткен
Қытайда маймыл үш жасар қызды ұрлап кетті. Бала бірнеше сағаттан кейін ағаштан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Asia One басылымына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға фермада болған. Қзыдың ата-анасы баланы бірге алып кетуге шешім қабылдаған.
"Бірнеше минуттан кейін бұрылып қарағанда баланың жоғалып кеткенін білдім. Бәріміз қатты қорқып кеттік", - дейді ер адам.
Осыдан кейін қыздың әкесі полицияға хабарласқан. Офицерлер жедел іздестіру тобын жинап, аумақты аралай бастады. Ешқандай із таппаған тергеушілер баланы аймақта тұратын жабайы маймылдар ұрлап кеткен болуы мүмкін деген шешімге келген.
"Бізде мына жерде маймылдар жүретін, олар кейде тамақ іздеп таудан түсетін", - дейді жұп.
Іздеу тобы орманға кіріп, баланың атын қатты айқайлай бастады. Сол кезде қыздың анасы жылап жатқан сәбидің даусын естіген, ол қызының дауысына қатты ұқсаған. Нәтижесінде бала жартас маңындағы ағаштан табылды.
Қыздың денесінде маймылдың саусақ ізіне ұқсайтын бірнеше сызат қана болған. Оқиғадан кейін жергілікті әкімшілік жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі үшін патрульдер ұйымдастырып жатқанын айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек