Әнші Дильназ Ахмадиеваның анасы Ризвангүл Әшімова "Jibek Joly" каналына берген сұхбатында қызының ЭКО жасатқан кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Дильназ Ахмадиевада жатырдан тыс жүктілік болған. Дәрігерлер табиғи жолмен тыйым салған соң ол уақыт жоғалтпай ЭКО-ға барады. Бірнеше қайтара жасалған ЭКО-дан соң өмірге сәбиін әкелді. Әншінің анасы бұл кезде Дильназдың қатты қиналғанын жасырмады.
"Оған өте көп емделу керек болды. Қиналды. Бірақ, құдайға шүкір, балалы болды. Алла берем десе, береді екен. Ол өзі ақылды қыз, мен оған бір рет болсын былай істеме, мынаны істеме деп айтпадым. Не ойласа да, мен ризашылығымды бердім. Әрқашан "дұрыс, көрейік, істейік" дейтінмін. ЭКО жасағанда біраз қиналды. Оның процедуралары көп екен. Бірақ ол шыдады. Зейдан (Дильназдың ұлы) дүниеге келгеннен кейін бәрін ұмытып кеттік. Жасы ұлғайып қалды деп қорқып едім. Ол 39 жасында босанды ғой", - деді Ризвангүл Әшімова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!