- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қатты қарсы болған"....
"Қатты қарсы болған". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алды
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы Қайраттың демеушілігімен салынған балабақша туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, балабақша салынып жатқанда Сардарға аяғы ауыр болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Соңына дейін көріңізші, бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық атын "Қайрат" деп қоямыз дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары "балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз" деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой. Осы мекемені жылдар бойы ескіртпей, күтіп отырған меңгерушісі Нұржамал апай мен ұжымға алғысым шексіз! Қазір ұлдар әкесінің әр еңбегі мен жақсылықтарынан хабардар. Ауылға да барып тұрамыз, басымыз қосылса болды, естеліктерді айтып, сырласамыз. Ендігі арманым, Сағадат пен Сардар әкесінің ізін жалғап, салиқалы азамат болып өссе деймін", -деп жазды ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы