Семейде жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 маусымда 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін айдап келе жатып Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне асқан жылдамдықпен соқтығысқан.
Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болған.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!