Синоптиктер 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның барлық аумағына әсер етуін жалғастырады.
Салдарынан бүгін оңтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады.
Сондай-ақ, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Одан бөлек Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде яғни жоғары қысымды алқапта көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында өте қатты ыстық болады.