“Қатты айғай естілді“: куәгер метродағы қайғылы жағдай туралы айтты

Алматы метросында қайғылы оқиға болды. Куәгер оқиға қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Абай" бекетіне бардық, бәрі әдеттегідей болды, адамдар кіріп-шығып жатты, бірақ есік жабылған кезде қатты ысқырықты, содан кейін ер адамның қатты айғайын естідім. Пойыздың қозғалысы тоқтап, біз пойызда тағы бірнеше минут отырдық. Есік ашылған кезде сыртқа шықтық, платформа мен вагон арасындағы адамды байқап қалдым", - деді алматылық.

Алматылықтың болжамынша, ер адам вагонға жақындап, есік бар деп ойлап, құлап кеткен болуы мүмкін.

Оның айтуынша, перронда тұрған адамдар ер адамды шығару үшін пойызды тербете бастаған. Бұл кезде полицейлер де жеткен.

Сондай-ақ пойыздан шыққан адамдарға оқиға орнынан кетуге кеңес берілген. Алматы тұрғыны сыртқа шыққан кезде жедел жәрдем мен полиция көлігін көргенін айтады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы метрода бір адам рельске түсіп, қайтыс болды. Кейін "Абай" бекеті уақытша жабылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!