"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап Абай облысының шекарасынан Қытай шекарасына дейінгі жол көліктің кейбір түрі үшін жабылды.
"26 желтоқсан сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қатты аяз, -28С) Омбы-Майқапшағай автожолының 1103-1321 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Қытай шекарасына дейін) дизель отынмен жүретін қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
Жолды 27 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!