Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі сұрақ-жауап айдарында оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, күйзеліске түспеген.
"Депрессияны күтіп едім, келмеді.Кішкентай бөпе қасыңда тәтті иісі аңқып жатқанда ненің депрессиясы? Сондықтан осы сәттен ләззат алыңыздар, жас аналар!" деп жазды әнші.
Сондай-ақ, ол 10 кг-ға арықтағаны туралы айтты.
"Босанған кезде бірден 10 кг-ға арықтап кеттім.Өзім-ай өзім деп қоямын.Қазір қатты арықтаудамын", - деп жазды ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз