Қатонқарағайлық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чехиядағы ән байқауында топ жарды

Қатонқарағайлық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чехиядағы ән байқауында топ жарды
Фото: Автордан

Катонқарағай ауданының тумасы Мирас Ерболов Чехияда өткен вокалдық байқауда үздік шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 жастағы жігіттің бұл алғашқы жарысы емес. Естеріңізде болса, биыл қыста Х фактор жобасының IX маусымында жеңімпаз атанған болатын. Ал Diamonds voice деп аталатын халықаралық ән байқауы Прага қаласында өтті. Соңғы уақыттары дәстүрлі және шет тілдеріндегі классикалық әндерді бояуын келтіре орындап жүрген Мирас байқау екі кезеңнен тұрғанын айтты.


"Біріншісі іріктеу кезеңі, екіншісі финал. Іріктеу сынында екі ән орындап, қазылар жоғары бағалады. Ал финалда Х фактор жобасында айтқан “Сағындым” атты әнді шырқадым. Алда конкурстарға қатысу жағын кідірте тұрамын. Себебі, демеуші іздеу жағы қиындап барады. Осы ретте өзімнің авторлық әндеріме көңіл бөлмекпін”, - деді әнші.

Айта кетейік, аталған вокалдық конкурсқа әр жылдары Мархаба Сәби, Әміре сынды танымал әншілер қатысып, Гран-При иеленген болатын. Мирас та сол дәстүрді жалғай алғанына бек қуанышты екенін жеткізді. Үлкен Нарын ауылында дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін талантты жігіт өнер жолынан кетпек емес.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы