- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Катонқарағай ауданында өрт...
Катонқарағай ауданында өрт шықты
Фото:
Көрнекі сурет ТЖМ
Шығыс Қазақстанда биік тауда өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатыр.
Жедел түрде Казавиаорманкүзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өртсөндірушілерді жеткізді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өртсөндіруші, 6 бірлік техника, "Қазавиаорманкүзеті" ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек