"Қатқан нан, көгерген йогурт". Министр оқушыларға берілетін тамақ туралы айтты

"Қатқан нан, көгерген йогурт". Министр оқушыларға берілетін тамақ туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларына берілетін тамақтың жайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Брифингте министрге "жекеменшік мектептерде оқушыларға қатқан нан, көгерген йогурт беріліп жүр деп ата-аналар шу шығарды. Ол мектептердегі асханалар бақылауға алына ма? Бұл мәселе қалай шешіледі?" деген сұрақ қойылды.

"Жекеменшік мектептерде болсын, мемлекеттік мектептерде болсын, барлық мектепте ыстық тамақ сапалы дайындалып, балаларға ұсынылуға тиіс. Бірақ біз көптеген шағымның негізінде зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде заңда көрсетілген тиісті талаптарды толық орындамайтын кәсіпкерлерді анықтадық. Тиісті органдарға шара қолдануға байланысты жолдама бердік", - деді оқу-ағарту министрі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы мектеп асханасынан дау шыққаны хабарланды. 

Қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева Instagram-да өңірдегі мектептердің бірінің асханасын жариялаған. Блогердің оқырманы асханада балалар тамағынан жырып жеу дерегі барын, тартылған етті көбейту үшін қарақұмық, ал компотқа шамадан тыс су, түсін өзгерту үшін "заварка" қосылатынын жазған.

Олжас Адай

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz