- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қатерлі ісікке қарсы...
Қатерлі ісікке қарсы 10 тағам аталды
Фото:
Pixabay.ru
Қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығын азайту үшін арнайы диета ұстау керек пе? Дұрыс тамақтанбау өлім себебіне айналуы мүмкін бе? Бұл сұрақтарға онколог Анастасия Сидорова жауап берді, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
Қатерлі ісікке қарсы 10 тағам
Онкологтар барлық өнімнің ішінде құрамында антиоксиданттың, витаминнің және минералдың көп мөлшері бар өнімдерді көрсетеді. Ол:
- Қырыққабаттың түрлі сорты - гүлді қырыққабат, ақ қырыққабат, брокколи, колраби, Брюссель өскіндері. Олар антиоксиданттардың жоғары деңгейлері, изотиоцианат үшін бағалы болып келеді, ал ол рак клеткаларына қарсы белсенді. Сонымен қатар, ол дененің сау жасушаларына әсер етпейді. Қырыққабат сүт безі, простатаның алдын алатыны туралы дәлелденген.
- Дәнді дақылдарды жеткілікті тұтыну тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алуға көмектеседі.
- Көкөністер, әсіресе рукол, базилик және шпинат құрамында каротиноидтар мен хлорофилл бар.
- Жүзімнің түрлі сорты жасушалар мен ДНҚ құрылымдарының зақымдалуының алдын алады.
- Көк шайдың құрамында биофлавоноидтар бар, олар жасушалардың зақымдалуын, қатерлі ісіктің кейбір түрін алдын алуға көмектеседі: простата, сүт безі, тоқ ішек, бауыр.
- Қызанақтың құрамында асқазан, өкпе, простата және тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алуға көмектесетін антиоксидант ликопен бар.
- Көкжидек құрамында қан тамырларының қабырғаларын нығайтатын пайдалы қосылыстардың концентраты бар. Ол ағзаны онкологияның кез келген түрінен қорғайды.
- Зығыр тұқымында иммун жүйесі жұмысын жақсартатын лигнандар бар.
- Теңіз балдырларында рак клеткаларының, әсіресе өкпе тінінің белсенділігін тежейтін органикалық қышқылдар бар.
- Цитрус жемістерінде С витаминінің жоғары концентрациясы бар, ол иммун жүйеге көмектеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек