- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қатерлі ісікке айналуы...
Қатерлі ісікке айналуы мүмкін әйелдерде кездесетін 5 ауру
Фото:
ru.freepik.com
Кең тараған және бір қарағанда қауіпсіз көрінетін әйелдерде кездесетін кей аурулар қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін. Бірақ олардың қатерлі ісікке айналуына қандай да бір нақты шарттар әсер етеді. Мысалы, тұқымқуалаушылық немесе нашар экология, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Акушер-гинеколог Екатерина Творогова қатерлі ісікке айналуы мүмкін патологияларды ұсынды:
- Етеккір циклінің бұзылуы.
- Эндометрия патологиясы.
- Жатыр миомасы. Бұл қатерсіз жаңа түзілім өте сирек жағдайда қатерліге айналады. Миома мен лейомиосаркоманың (қатерлі ісік) белгілері бірдей: әйелдің ішінің асты ауырады, етеккір көп немесе ретсіз келеді.
- Аналық бездің поликистозды синдромы. Бұл ағзада әйелдік жыныстық гормондар - эстрогендер деңгейінің артуымен байланысты эндокринді бұзылыс.
- Эндометриоз. Бұл жатыр қуысының шырышты қабығының эндометриялық жасушалары оның сыртына шығып, миометрия қалыңдығына немесе көрші органдарға — мысалы, аналық безге немесе қуыққа қарай өсіп кететін қатерсіз ауру.
Қандай жағдайда дәрігерге жедел көріну керек?
Егер ешқандай шағым болмаса, әйел гинекологқа жылына бір рет көріну керек. Ал егер қандай да бір шағымдар болса, дәрігерге жиі қаралу керек болады.
Мына белгілерді байқаған бойда гинекологқа бару керек:
- Жыныстық органның қышуы немесе одан иісі бар, түсі өзгерген бөліністің шығуы;
- Кіші жамбас органдарының созылмалы қабыну ауруларының болуы;
- Етеккір циклінің өзгеруі;
- Іштің төменгі жағының ауруы;
- Іштің кебуі және іштің өсіп кетуі;
- Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну сезу немесе жыныстық қатынастан соң қан жұғу.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова