Ер адамның денсаулығы мықты болып, ұзаққа дейін күшін жоғалтпауы үшін майлы балық, майсыз сиыр еті және қызанақты көбірек тұтынуы керек. Бұл туралы жалпы тәжірибе дәрігері Сергей Алендеев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Царьград-қа" сілтеме жасап.
Дәрігердің сөзінше, ер адам үшін майлы балық өте пайдалы. Ол ақсерке (лосось), скумбрия, майшабақ және сардина болуы мүмкін. Олардың етінің құрамында иммунитетті арттыруға және танымдық қабілетті белсендіруге көмектесетін кальций, селен, В дәрумендер тобы және магний бар. Сондай-ақ, балық еті Паркинсон және Альцгеймер ауруларының даму қаупін азайтуға көмектеседі.
Сонымен қатар, маман ер адамдарға майсыз сиыр етін де үнемі жеу керегін еске салды.
"Сиыр етінде бұлшықет құруға арналған субстрат - ақуыз бар. Ол бұлшықетті оттегімен қамтамасыз ету үшін қажетті гемоглобин синтезіне қатысатын темірге бай", - деді Сергей Алендеев.
Ал ер адам үшін пайдалы үшінші тағам - қызанақ. Оның құрамында антиоксидант-канцерогендік қасиеті бар ликопен бар. Бұл көкөніс простата обырының даму қаупін азайтуға, сондай-ақ белсіздікті емдеуге көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін простата обырын көрсететін ер адам ағзасындағы 6 өзгеріс хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сілтілік металдар дегеніміз не? Сілтілік металдарға не жатады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз