Қатерлі ісік жасырынып тұруы мүмкін 6 белгі

Қатерлі ісік жасырынып тұруы мүмкін 6 белгі
Фото: ru.freepik.com

Академик Каприн қатерлі ісік жасырынып тұруы мүмкін 6 белгіні атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Онкологиялық аурулардың басты қаупінің бірі - оның бастапқы кезеңде белгі бермеуі. Академик Андрей Каприннің айтуынша, қатерлі ісік жиі білдіртпей дамиды, ал кейде бізге таныс және үйреншікті белгілердің астында жасырынып тұрады. Оларға мына белгілер жатады:

  1. Дене температурасының аздап көтерілуі;
  2. Әлсін-әлсін бас ауыруы;
  3. Жөтел;
  4. Асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы;
  5. Арқаның ауыруы;
  6. Бөртпе.

Оқи отырыңыз: Ескерту! Ер адамдар жиі мән бермейтін қатерлі ісіктің 12 белгісі


 

А. Жапатова