Бірнеше онжылдық бұрын көпшілік қатерлі ісік жиі қарттарда пайда болатынына сенімді болды. Жастар мұндай ауруға шалдықпайды, яғни уайымдамаса болады деген де пікірлер болды. Алайда заманауи статистика керісінше өзгеріп жатыр. Ғалымдар әлем бойынша қатерлі ісік 50 жастан кіші адамдарда көбірек кездесіп жатырғанын ескертті. Өзіңізді бұл дерттен қорғау үшін не істеу керек? Бұл сұраққа "Doctorpiter"-ге онколог Владислав Евсеев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер қатерлі ісік шынымен де қарттарда жиі кездесетінін айтты. Алайда бұл оның жастарда пайда болмайтынын білдірмейді.
"Жыл сайын әлемде шамамен 19,5 миллион адам онкологиялық ауруларға шалдығады, оның ішінде 50 жастан кіші адамдар саны 3,2 миллион ғана, яғни бұл 20%-дан аз. Бұл статистикаға қарап жастар қатерлі ісікпен аз ауыратынын көруге болады, десе де, ол жастар арасында кездеседі", - дейді онколог.
Дәрігер ауырсаңыз, көп ұзатпай тексерістерден өтуге кеңес берді.
"Негізгі проблемалардың бірі – адамдардың қатерлі ісікті қарттардың ауруы деп қабылдауы. Сондықтан да адамдар қандай да бір белгілерді елемейді және ол қауіпті дерттің белгісі болуы мүмкін деп ойламайды. Сол секілді дәрігерлер де бірдей белгімен келген қарт кісіні қосымша тексеріске жібереді де, жас адамды "гастрит қана, қауіпті ештеңе жоқ" деп қайтарып жіберуі мүмкін", - дейді онколог.
Жастар көбіне қатерлі ісіктің қай түріне шалдығады?
Владислав Евсеевтің айтуынша, жастар жиі сүт безі, өкпе, асқазан және колоректальды қатерлі ісігінен қайтыс болады.
"Бір қызығы, жастар арасында сирек кездесе бастаған қатерлі ісік түрлері де бар. Мысалы, жылдан жылға 50 жастан кіші адамдар арасында бауыр қатерлі ісігінің пайда болуы азайып келеді. Бұл созылмалы вирусты гепатитті емдейтін тиімді терапияның пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.
Қатерлі ісікке шалдығатын адамдар саны артып жатыр. Бірақ жақсы жаңалық та бар: онкологиялық аурулардан қайтыс болатын жағдайлар жайлап азайып келеді. Бұл дегеніміз онкологиялық ауруларды тиімді емдеудің жолдары табылып жатыр", - дейді дәрігер.
Қатерлі ісіктен қалай қорғану керек?
Жастар не үшін қатерлі ісікке жи шалдығып жатыр? Ғалымдарда бұл сұраққа нақты жауап жоқ, алайда бірнеше мүмкін фактор бар:
Бұдан басқа да мүмкін факторлар зертеліп жатыр:
Владислав Евсеевтің айтуынша, онкологиялық аурулардың он жағдайының төртеуі біздің өмір сүру салтымыздың факторына байланысты. Сондықтан мына ережелерді сақтау маңызды:
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?