Кәсіпкер, журналист Айнұр Асанберді тұрмысқа шыққалы жүрген қыздарға кеңес айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен журналист ер азаматтың бойындағы жауапкершілікке мән беру керегін айтады.
"Өтірік ауырып қалыңыз. Сізге қалай қамқорлық танытады? Сізді қалай емдейді? Сізге мейірімділігін көрсете біле ме? Бұл өте маңызды. Қарапайым осы нәрселерді ұстансаңыз кейін өзіңіз қателеспейтін боласыз", - дейді журналист.
"Күйеуге тимей тұрғанда жеңгем айтып еді осындай ақылдарын. Ішіп көр,өтірік ренжіп кетіп қал, аяқ асты ұрыс шығарып жібер деген сиякты.... Бірақ ол кезде дәтім бармап еді деуші ма еді, казір бәрін де үйрендік қой..."
"Тыңдаңыздар, қыздар! Күйеуге шығу, бала тәрбиелеу керекпіз, сонымен әйел бақытты. Біз өзіміз бала деңгейде күйеуге шығып, дүниеге әкелген баламен бір дәрежеде жүреміз. Санамыз ұйықтап жатыр"
"Ер азаматынан мейірімділік пен сыйластық, қамқорлық көрген қыз баласы (әйел) махаббатымен отбасын бақытты етері анық", - дейді журналистің оқырмандары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!