“Қателесіп ақша аударып қойыппын“ дейтіндер көбейген: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады

“Қателесіп ақша аударып қойыппын“ дейтіндер көбейген: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын мәлімдеп, азаматтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Қазақстанда "қате жіберілген" ақша аударымына байланысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткен:

  • Қаскөйлер шотқа ақша түскені туралы жалған SMS жібереді немесе, шынында да, аз мөлшерде ақша аударады.
  • Кейін қоңырау шалып, "қателесіп аудардым" деген сылтаумен түскен ақшаны басқа бір адамның шотына қайтаруды сұрайды.

Нені білу керек?

  • Ақша аударымын тек банк қосымшасынан тексеру қажет;
  • Қаражатты кері аудармау керек, себебі бұл - алаяқтық схема;
  • Күдікті SMS-тегі сілтемені ашпаған жөн.

"Ұлттық банк қызметкерлері жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды, азаматтың жеке мәліметін сұрамайды. Күмән туған жағдайда банкке немесе полицияға жүгінген дұрыс", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget