- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қатарлық кәсіпкер Тоқаевқа...
Қатарлық кәсіпкер Тоқаевқа Қазақстанның қаржы нарығына шығу жоспары туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлемдегі ең ірі дербес қорлардың бірінің басшысы Мансур Ибрагим Әл-Махмудпен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясы мен "Самұрық-Қазына" қоры арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті.
Мансур Ибрагим Әл-Махмуд Қазақстанның қаржы нарығына шығу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені өнімдерін терең өңдеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты. Бұдан бөлек, кездесуде "Астана" халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігі қарастырылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директорын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан