Танымал америкалық журналист Грант Уол Катарда Нидерланд пен Аргентина құрамалары арасында өткен әлем чемпионатының ширек финал кезінде қаза болды. Қайғылы оқиғаны марқұмның ағасы хабарлады, кейін журналистің өлімін АҚШ футбол федерациясы растады, - деп хабарлайды Football24.ru.
Ол кенет "Лусаил" стадионындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған жерде есінен танып қалған. Журналист небәрі 48 жаста еді.
Уолдың туысы Гранттың денсаулығында проблемалар болмағанын айтты. Туысының айтуынша, БАҚ қызметкері Катарда қоқан-лоққы көрген болуы мүмкін.
ABC News басылымының мәліметінше, бұған дейін ол Катардағы стадионда түрлі түсті футболка кигені үшін қамауға алынған.
Айта кетейік, Грант Уол CBS-те жұмыс істеген. Ол - "Бекхэм эксперименті" кітабының авторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!