Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Негізгі азық-түлік бағасы орынсыз өсуіне жол бермеу қажет. Сауда министрлігі әкімдіктермен бірге баға саясатын реттеу үшін қолдағы барлық құралды іске қосып, бұл мәселені қатаң бақылауға алуы керек", - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірге егін орағы сапалы өтуін бақылауды тапсырды.
Еске cалайық, бұған дейін Қазақстанда сиыр еті бойынша жедел желі іске қосылғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!