Танымал әнші Әли Оқапов 12 жыл бұрынғы бойы мен бейнебаянын еске алып, өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасына ескі фото-видеоларын жүктеп, жазба қалдырды.
"12 жыл бұрын осы ән менің ең алғашқы қадамдарымның бірі болды. Әннен бөлек, бейнебаян да ерекше естелік болды. Актрисаны таңдаған кезде, жәй ғана YouTube желісінде "Актрисы Казахстана" деп тердік, сол кездегі бүкіл жас актрисалармен бір бағдарлама шықты. Бағдарлама біткенде менен "кімге хабарласамыз?" деп сұрады. Мен "Жүргізушіге" дедім, сол бағдарламаны Аружан Жазылбекова жүргізді, ақыры бейнебаянның бас кейіпкері болды", - деп жазды әнші актрисамен бірге түскен суретінің астына.
"Қызықты факт: Біз кадрда бірге тұрғанда, Аружан каблуктарын шешуге мәжбүр болды, өйткені табиғи бойымыз бірдей, ал ол каблукпен тұрғанда мен қортық боп қалатынмын қасында. 12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын", - деп жақсы жағалығымен бөлісті әнші соңында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!