Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: ©REUTERS

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жеделхатта Пәкістан президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек