Мемлекет басшысы AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін 25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен баратыны жайлы хабарлаған едік.
Сапар аясында мемлекет басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!