Қасым-Жомарт Тоқаев ел тағдырына бей-жай қарамаған қазақстандықтарға алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған бүкіл ел азаматына шынайы ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Референдумға жұртшылық өте белсенді қатысты, бұл да қуанарлық жағдай. Осы сайлау науқаны ырысты ынтымағымызды паш етті. Бұл да өте маңызды үдеріс. Өйткені біз азаматтарымыздың отаншылдық рухын айқын сезіндік", – деді ол Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде.

Мемлекет басшысы Түркістан жұртшылығы әрдайым елдік істен сырт қалмай, жүргізіліп жатқан реформаларды жаппай қолдап келетінін айтты.

"Бұл жолы да сіздер ауызбіршіліктің озық үлгісін айқын көрсеттіңіздер. Түркістан референдумда Ата заңды қолдаған ең белсенді облыстардың қатарында тұр. Дауыс берген жұртшылықтың 92,21 пайызы жаңа Конституцияны қолдады", - деді Тоқаев.

Президент Түркістанға ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – бауырлас түркі халықтарының қасиетті мекені, онда ұлттық болмыс, қайсар рух, бірегей мәдениет пен дәстүр көрініс тапқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!