Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 

Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек